Коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің бағасы қалай реттеледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутатының дәрі-дәрмектің шекті бағасын белгілеу механизмі туралы сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының дәрілік заттарға бағаны төмендету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Денсаулық сақтау министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мақұлдауымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға, сондай-ақ медициналық бұйымдарға қойылатын шекті бағалар мен үстеме бағаларды реттеу, қалыптастыру қағидаларын бекіткен. Сол қағидада карантин, төтенше жағдай режимі, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің төтенше жағдайлары кезінде шектеу шаралары қалай іске асатыны көрсетілген», - деп жазылған Ералы Тоғжановтың жауабында .

Үкімет басшысының орынбасары ерекше тәртіпті қолдану кезінде шекті баға көтерме және бөлшек сауда үшін маркетингтік шығындарды есептемеу (30% мөлшерінде), сондай-ақ көтерме саудада (20-дан 10% - ға дейін) және бөлшек саудада (55-тен 27,5% - ға дейін) үстеме бағаларын екі есе төмендету жолымен қалыптасатынын айтады.

«2020 жылғы 31 желтоқсанда ДСМ коронавирус инфекциясын емдеу хаттамасына кіретін 370 препараттың шекті бағасын бекітті. Осылайша, коронавирусқа қарсы барлық препаратқа ерекше тәртіп қолданылып отыр. Соның нәтижесінде бағаның төмендеуі нарықтық бағалармен салыстырғанда 27%-ды құрады», - деді вице-премьер.


Соңғы жаңалықтар