Коронавируспен ауырған блогерлер донорлық қан тапсырып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус инфекциясын емдеу үшін донорлықты насихаттау акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл бастаманы белгілі блогерлер, белсенділер ұйымдастырды. Олардың ішінде коронавируспен ауырған блогерлер де бар.

ТМД аумағында бірінші рет қолға алынып отырған бұл акцияның басты мақсаты – науқастардың денсаулығын сақтауға қоғам үлесін қосуды насихаттау.

«Өмірге үміт сыйла» деп аталатын акцияға 2 апта дайындалдық. Бұл игі бастаманы Қайрат Құдайбергенов бастады. Біздің идеямызды қала әкімдігі де қолдады. Бүгін Қан орталығына көп адамды жинап, қан тапсыруға үгіт-насихат жүргізіп жатырмыз», - деді Instagram-дағы пабликтердің бірінің әкімшіс, блогер әрі кәсіпкер Владимир Волков.

Ғылыми зерттеулерге сәйкес, қан плазмасы кәдімгі вакцинаның орнын алмастырады.

«Егер қан талдауы барлық жағынан таза болса, қан тапсыру – әр азаматтың борышы деп санаймын. Себебі, адамдарға қан кез келген жағдайда керек болады. Бұл материал ауырып жатқан көптеген азаматтың денсаулығын жақсартуға ықпал етпек», - деді белгілі қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаев.


Акция ұйымдастырушылары КВИ-мен ауырған азаматтарды қан тапсыруға шақырды. Себебі олардың қанының плазмасында коронавирусқа қарсы антиденелер көп болады.



Соңғы жаңалықтар