Коронавируспен ауырып, жазылған адамдар да маска тағуы тиіс – Алмаз Шарман

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Коронавируспен ауырып, жазылған адамдар маска тағуды жалғастырып, сақтық шараларын сақтауы тиіс. Бұл туралы Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавируспен ауырып алған адамдар да маска тағып, әлеуметтік қашықтықты ұстану қажет. Ия, иммундық қорғаныс бар, иә, антиденелер пайда болады, антиденелер ғана емес, сонымен қатар жасуша иммунитеті дамиды. Ол қанша уақытқа жететіні белгісі. Оны қазір ғалымдар зерттеп жатыр»,– дейді Алмаз Шарман.

Оның айтуынша, коронавируспен ауырып, жазылған адамдар маска тағуы тиіс.

«Сіз ауырмасаңыз да, вирус сіздің ауыз қуысыңызда болып, өзгелерге тарап кетуі мүмкін. Маска өзіңізді емес, маңайыңыздағыларды қорғау үшін керек. Маска айналаңызды қауіпті індеттен қорғайды. Сондықтан баршаңызды маска тағып жүруге шақырамын «,-деді спикер.


Соңғы жаңалықтар