Коронавируспен күрес: Елордада сынақ ҰБТ-ға дайындық басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда мектептерінің жоғары сынып оқушылары тапсыратын сынақ Ұлттық бірыңғай тестілеуге орай коронавирустың алдын алу алгоритмі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нақты айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысына сәйкес, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті 2021 жылғы 20 қаңтар мен 5 ақпан аралығында «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ, «Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті» мекемесі негізінде күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитария-профилактика іс-шараларын сақтай отырып, сынақтық Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуді қамтамасыз етеді. Ал Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сынақтық тестілеу өткізу күндері ғимаратқа кіре берісте жедел жәрдем бригадаларының кезекшілігін қамтамасыз етуге міндетті.
«Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті ректорлары сынақтық тестілеу басталғанға дейін Нұр-Сұлтан қаласының санитар-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларымен тестілеу пункттерінің дайындығын бағалауды қамтамасыз етуі тиіс.
Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
- Теннис: Тимофей Скатов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің ширек финалына шықты
- Елорда бас санитарының жаңа қаулысы: Неге рұқсат беріледі
- Ақтоты Райымқұлова елордалық жас оқырмандармен кездесті
- Елімізде жасөспірім психикасына кері әсер ететін 731 материал бойынша іс-шара қабылданды
-
«Отбасы – орта мектеп»: Қазақстанда жастарды тәрбиелеу әдістемелері әзірленуде
-
Теннистен Нұр-Сұлтан турнирі: тағы екі қазақстандық жұптық сында ширек финалға өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам