Коронавирустан 22,4 мың адам емделуде – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа шалдыққан 500-ден астам науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 маусымдағы мәлімет бойынша, бүгінде елімізде коронавирус инфекциясынан 22 456 адам (21 438 КВИ+ және 1 018 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 576 пациент стационарда, 14 880 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 516 адамның жағдайы ауыр,

- 113 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 78 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар