Коронавирустан көз жұмған әйелмен байланыста болған 16 жамбылдық ауру жұқтырмаған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының коронавирустан қайтыс болған тұрғынымен байланыста болған 16 жамбылдықтан алынған талдау нәтижесі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, 15-18 наурыз аралығында коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысының тұрғыны Жамбыл облысының Шу және Меркі аудандарына келіп-кеткен.

Медициналық және эпидемияға қарсы қызметтер марқұммен байланыста болған 16 адамды анықтады: Шу ауданында – 10, Меркі ауданында – 6 адам. Олардан коронавирус инфекциясына алынған талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсетті.

Азаматтардың жағдайы бірқалыпты, инфекция белгілері жоқ. Олар 14 күндік карантиндік стационарға жатқызылған.

Келген орындарында медициналық қызметкерлер эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар жүргізді.




Соңғы жаңалықтар