Коронавирустан көз жұмған әйелмен құдалықта бірген болған алматылық та індет жұқтырған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда құдалықта болған әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Ақмола облысының арнайы қызмет өкілдері коронавирустан қаза болған әйелдің Алматыда құдалықта болғанын хабарлаған.

«Алматыда ол әйелмен 6 адам жақын араласқаны анықталды. Олардың барлығы қазір оқшауланды. Олар құдалықта бірге болған. 6 адамның ішінде біреуі коронавирус жұқтырған. Ол әйел қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Басқарма басшысы карантин кезінде ұлттық дәстүрлерімізді тоқтата тұру керектігін айтты.

«Ұлттық дәстүрлеріміз – құдалық, беташар сияқты балалардың қуанышына жасалатын жоралғыларды тоқтату керек. Көп адам бас қосатын, тамақтанатын дәстүрлер қазір қажет емес. Көп нәрсе тәртіпке байланысты», - деді Т.Әбілдаев.


Соңғы жаңалықтар