Коронавирусты желеу еткен алаяқтар көбейіп барады - агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коронавирус тақырыбын желеу еткен алаяқтардың жұмысы жанданғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Fingramota.kz коронавирус инфекциясы тақырыбына байланысты қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлерінің таралғаны туралы ескертеді. Алаяқтар интернетте және әлеуметтік желілерде COVID-19 диагностикасы бойынша қызмет көрсету, әуе және теміржол билеттерінің, театр және концерттер билеттерінің құнын қайтару, 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік көмекті қоса алғанда, әртүрлі жәрдемақы алу туралы хабарландырулар таратады», - делінген хабарламада.

Алаяқтар өздерін қаржы ұйымдарының қызметкеріміз деп таныстырып, несиелер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру, банктік шоттар ашу және банктерге, микроқаржы ұйымдарына, ломбардтарға өтініш беру бойынша қызметтерді ұсына отырып, қарыз алушыларға хабарласады.

«Алаяқтар коронавирус, қорғаныш құралдарын сатып алу немесе осы инфекциядан емдеу туралы ақпарат бар электрондық хаттарды белсенді түрде таратады. Осы электрондық хабарларда дербес деректерді енгізу немесе банктік операцияларды жүргізу қажеттілігі жөніндегі әртүрлі сілтемелер көрсетіледі», - деп аталып өткен егенттік мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар