Коронавирустың өршуі долларға қалай әсер етті – Ұлттық банк

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Коронавирустың Қытайдан тыс жерде таралуына байланысты туындаған қорқыныш сезімі инвесторлардың дамушы елдердің активтерінен шығуына себеп болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі Facebook-те жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық банкі Сыртқы валюта нарығында орын алған бірқатар маңызды оқиғалар туралы талдау жасады.

Талдауға сәйкес, әлемде АҚШ доллары дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреген.

Коронавирустың Қытайдан тыс жерде таралуына байланысты туындаған қорқыныш салдарынан инвесторлар дамушы елдердің активтерінен шығып жатыр.

«Италия, Оңтүстік Корея және Иран коронавируспен ауыру жағдайларының күрт өскенін хабарлады, ДДСҰ коронавирус індетінің қауіптілігін «өте жоғары» деңгейге көтерді. АҚШ федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл вирустың таралуы АҚШ-тың экономикалық өсуіне «тәуекелдерді туғызады» деді. Қажет болған жағдайда АҚШ Орталық банкі пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге дайын екендігін білдірді», - деді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Бас қаржылық реттеуші осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне соқтырды деген пайым айтты.


Соңғы жаңалықтар