+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Қоршаған ортаға түсетін қауіпті заттардың дерекқоры жасалады

2019 жылғы 16 қазан 11:12
Бөлісіңіз:
Қоршаған ортаға түсетін қауіпті заттардың дерекқоры жасалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс: теміржол көлігімен тасымалдауды жетілдіруге арналған құжатты талқыланды Нұрлан Нығматулин Ханой университетінде Абай орталығына барды Нығматулин және Вьетнам Парламентінің Cпикері парламентаралық ынтымақтастықты дамыту туралы келісті

«Осы Хаттамаға қосылу мақсаты Орхус конвенциясының ережелерімен негізделген. Ауаға шығарылатын, су мен топыраққа төгілетін қауіпті химиялық заттар мен ластағыштардың жыл сайынғы көлемдерін, өнеркәсіптік және басқа да объектілерден алынатын қалдықтар ақпаратын жинау, өндеу үшін кадастрлар немесе Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелім жүйесін біртіндеп енгізу жөнінде шаралар қолдануға міндеттіміз. Бұл тіркелім «ауаға, табиғатқа қай нысандар ластаушы, қауіпті химиялық заттарды шығарып жатыр?» және «қай уақыт аралығында қандай көлемде шығарылады?» деген сұрақтарға толық ақпарат беретін болады», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Белгілі болғандай, 2018 жылы Қазақстанда ластаушы заттардың жалпы көлемі 2,5 млн тоннаны құраған.

«Қазіргі танда халықтың экологиялық жағдайға қызығушылығының өсуіне байланысты, біздің елімізде қоршаған ортаның жай-күйі туралы халықты уақтылы хабардар ету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі AirKz мобильдік қосымшасы іске қосылып, облыс әкімдіктері жұртшылықты ақпараттандыру үшін

LED-экрандар орнату бойынша жұмыс жүргізуде.

Осы LED-экрандарда ауаның сапасы туралы мәлімет беріліп жатыр. Сонымен қатар, аталған ақпарат біріктірілген сипатқа ие. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі сияқты құралдардың болуы - халыққа, кәсіпорындар шығарып жатқан зиянды заттар бойынша деректерді ұсынуға мүмкіндік береді», - деді М. Мырзағалиев.

Осы аталған Тіркелім хаттамасы 64 қызмет түрін және 86 ластаушы заттарды қамтиды. Аталған 64 қызмет түрінің Қазақстанда 32 түрі және оған жататын 26 ластаушы заттар қамтылады.

«Осы Тіркелімді цифрландыру мақсатында ЮНИТАР (БҰҰ оқу және ғылыми-зерттеу институты) қолдауымен 10 миллион теңгеге гранттық қаражат алынып, веб-портал әзірленді. Оны Залалды заттардың шығарылу және тасымалдау тіркелімі деректерімен толықтыру жүргізілді (100 кәсіпорын). Тіркелім веб-порталы тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Келешекте осы Тіркелім порталын Бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесі аясында басқа да ақпараттық жүйелермен өзара интеграциялауды жоспарлап отырмыз. Министрліктің ведомстволық ұйымымен әзірленген Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімінің веб-порталы келесі жылы пайдалануға беріледі», - деді ведомство басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT