Көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстанның үш азаматы елден шығарылды

None
None
ШУ. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстанның үш азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Көлік полицейлері «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Шу стансасында «Нұр-Сұлтан – Сарыағаш» бағытындағы жолаушылар пойызындағы вагондардың бірінде құжат тексеру кезінде 21-22 жас аралығындағы Тәжікстан Республикасының үш азаматын анықтап, ұстады.

«Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды» делінген хабарламада.

Құқықбұзушылар Шу аудандық сотының шешімімен елден шығарылды.

Соңғы жаңалықтар