+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Қостанай облысында 19 автокөлік жолы жабылды

2021 жылғы 23 ақпан 13:49
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 19 автокөлік жолы жабылды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында қарлы боранның қайта күшеюіне байланысты 19 автокөлік жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жол жабылды Жол жабылғанда блокпосты айналып өтуге тырыспаңыз – Юрий Ильин күн райы бұзылатынын ескертті Елордада Бектұров көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды

«Қазір өңірде күре жолдарға тосқауыл бекеттерін қою жұмыстары жүріп жатыр. Департаменттің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды. Аймақта орташа ауа температурасы -19 градус, желдің жылдамдығы – 12 м/с, облыстың барлық аумағында қар жауып тұр. Тұрғындардың ұялы телефондарына бүгін жолға шықпау туралы хабарлама жіберілді», - делінген ТЖД хабарламасында,

Облыста республикалық маңызы бар – 6, облыстық маңызға ие 13 автокөлік жолы жабылып, барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. ТЖД мамандары көлік жүргізушілерін алыс жолға шықпауға, елді мекендер ішінде барынша сақ болуға шақырады.

Еске салсақ, осы уақытта Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан шығатын барлық трасса жабық тұр. Сондай-ақ өзге бірқатар өңірде жол учаскелері жабылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT