+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Қостанай облысында 25 дәрігерге пәтер берілді

2020 жылғы 14 ақпан 15:43
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 25 дәрігерге пәтер берілді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанайда 25 дәрігер облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қолынан пәтер кілтін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл Жезқазғанда 252 отбасы баспаналы болады Ақтөбеде биыл 9 мыңға жуық адам қоныс тойын тойлайды Алматыда қанша адам тұрғын үй кезегінде тұр

2019 жылы облыс әкімдігі мен «Қазақстанның ипотекалық компаниясы «Ипотекалық ұйымы» АҚ арасында денсаулық сақтау қызметкерлері үшін 350 пәтер сатып алу туралы келісім жасалды. Тұрғын үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған.

«Қатысушыларға сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді беру 3 жыл ішінде жүзеге асады. Былтыр 350 пәтердің 54-і берілсе, бүгін 25 жас дәрігер баспана кілтіне ие болып отыр. Ипотекалық компаниямен бірігіп атқаратын жұмыстарымыз жетерлік. Алдағы уақытта мұндай мүмкіндік педагогтарға да қарастырылады», – деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.

Бүгінгі 25 пәтер дәрігерлерге «Юбилейный» шағынауданындағы №35 үйден берілді. Мамандардың сөзінше, баспана сапалы тұрғызылған, құрылыс материалдары жергілікті өңірлерден алынған.

«Бізге өзге облыстардан жыл сайын жас дәрігерлер келеді. Облыс әкімдігі бірінші кезекте пәтермен қамтамасыз етеді. Әлеуметтік пакет толығымен қарастырылған. Олар пәтер алу үшін бастапқы жарнаны төлемейді. Өткен жылы облысымызға 265 дәрігер келіп, 146 маман баспанамен қамтамасыз етілді», – деді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT