Қостанай облысында 31 мың адам жұмыспен қамтылмақ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жобаларды іске асыруға 53,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрғалығымен өткен кеңес барысында Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенованың айтуынша, Жол картасы жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге, қосымша жұмыс орындарын құруға және елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

«2020 жылы жобаларды іске асыруға 53,7 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 15 млрд теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен, 38,8 млрд теңге жергілікті атқарушы органдардың облигациялар шығарылымы есебінен алынды. Аймақта 275 инфрақұрылымдық жобалардың тізімі құрылды. Жобаларды іріктеу кезінде ірі кәсіпорындары бар моноқалаларға және облыс орталығына басымдық берілді», - деді баяндамашы.

Жобаларды іске асыру 13435 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша 6718 жұмыссыз азамат жұмысқа орналасты.

Жалпы, Қостанай облысында 31 мың адам Жұмыспен қамту шараларымен қамтылмақ.


Соңғы жаңалықтар