+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Қостанай облысында 379,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2021 жылғы 18 қаңтар 14:40
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 379,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде облыстың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2021 жылға арналған міндеттер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады ҚХР-дың жалпы ішкі өнімінің өсімі 2021 жылы 6%-дан асады Теңге бағамы нығайды

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазинаның айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша облыста оң өсім байқалады. Атап айтқанда өнеркәсіп өндірісінің өсімі – 7,4%, өңдеу саласы –20,2%, ауыл шаруашылығы –20,8%, құрылыс жұмыстары –28,4%, тұрғын үйлерді іске қосу 13,1%-ға артқан. Облыс экономикасына 329,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Басқарма басшысы әр аудан-қаланың жетістіктеріне тоқталды.

«Өткен жылдың басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 1,5 трлн теңге пайда түсірген. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі аудандардағы кәсіпорындардың үйлесімді жұмысы есебінен қамтамасыз етілді. Меңдіқара ауданында сары май мен сүзбе өндірісі жолға қойылып, жылу энергиясы мен ауыз суды пайдалануға беру көлемі ұлғайды. Қарасу ауданында ұн, нан, тауарлық бетон өндірісі жемісін берді. Қостанай қаласында болаттан жасалған шанақтар мен техника қосалқы бөлшектері, тракторлардың, жеңіл және жүк автомобильдерінің өндірісі ұлғайды, сондай-ақ шұжық пен ұн нарығында өсім байқалады. Қарабалық ауданында қиыршық тас пен жем шығару көлемі артты», - дейді Г.Мұсағазина.

Ауыл шаруашылығы өнімінің 75% - дан астамы облыстың 11 өңіріне (Қарасу, Қостанай, Федоров, Сарыкөл, Меңдіқара, Қарабалық, Әулиекөл, Ұзынкөл, Қамысты және Бейімбет Майлин аудандары, Арқалық қаласы) тиесілі. Өңірлерде құрылыс индустриясы қарқынды өсіп келеді. 2020 жылы облыста 379,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту бойынша тиісті басқармалар мен аудан-қалалардың басшыларына тапсырма жүктеді.

«2020 жыл ешкімге оңайға түскен жоқ. Экономиканың әр саласы айтарлықтай зиян шекті. Дегенмен, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны бойынша облыс жетекші орынға шықты. Алдағы уақытта да мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, нысаналы индикаторлардың стратегиялық картасының іске асуы назарымызда болады. Ең бастысы әкімдер жергілікті проблемаларды бақылауда ұстауы тиіс. Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштеріне оң серпін бер қажет», - деп түйді облыс басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT