Қостанай облысында 5 жасар қыз терезеден құлап кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 2015 жылы туған қыз терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше түнде Лисаков қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде болған.

«Бес жасар қыз бала москит торына сүйеніп тұрып, екінші қабаттағы терезеден төмен құлап түсті. Бала ересектердің қарауынсыз бөлмеде жалғыз қалған. Оның Лисаков қаласынан ата-анасымен бірге туыстарына қонаққа келгені белгілі болды. Зардап шегуші жабық бас-ми жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Дәрігерлердің мәліметіне сүйенсек, қыздың жағдайы ауыр. Төтенше жағдай қызметкерлері ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар