Қостанай облысында 6 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайда 5788 адам жұмысқа орналасты. Бұл туралы облыс әкімі әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша қала және аудан әкімдерімен кеңес өткізді.

Осы жылы облыста 282 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, оның ішінде 75–і әлеуметтік-мәдени объектілерде, 43-і тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында. Сондай-ақ тағы 150-ден астам ауқымды жоба инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектісі мен елді мекендеріні абаттандыру бойынша атқарылып жатыр.

«Барлығы 14340 жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша кемінде 7 170 жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін 682 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бүгінгі таңда Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы 5788 адам жұмысқа орналастырылды.

ЖҚЖК жобаларында жалақы мөлшері орта есеппен 86 331 теңге болып белгіленген», - деп жазды Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде.

Өңір әкімі жұмыспен қамту жұмыстары бойынша аудан-қала әкімдеріне жекелей тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар