Қостанай облысында 8 сүт-тауар фермасы салынады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 8 сүт-тауар фермасы салынады. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта АӨК саласында сүт бағытындағы мал шаруашылығын одан әрі дамыту үшін инвестициялық жобаларды 2 бағыт бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың бірі - 8 сүт-тауар фермасын салу, оның 7-еуі сыйымдылығы 1 200 бас ірі қара малға арналған. Жылдық қуаты 15,2 мың тонна сүт өндіру. Тағы бір ірі тауарлы-сүт фермасының сыйымдылығы 3 000 бас ірі қара малы, қуаттылығы жылына 42,6 мың тонна сүт. Екінші жоба - қуаты жылына 200 мың тонна май экстракциялық зауытын және қуаты жылына 30 мың тонна құрама жем зауытын салу», - деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бүгінде өңір диқаншылары егіс науқанын аяқтады.

«Жаздық егіс 4,8 млн гектарды құрады. Оның ішінде 3,9 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақ, 3,5 млн гектар бидай егілді. Майлы дақылдар егісі 679,5 мың гектар болды.

Облыс басшысының дерегінше, өңір тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жарма дақылдары, картоп және көкөніс алқаптары ұлғайтылды. Биыл 173,3 мың гектарға егілген азықтық дақылдардан басқа, өткен жылдардың 364 мың гектар көпжылдық шөбі бар.


Соңғы жаңалықтар