+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Қостанай облысында 9700 тұрақты жұмыс орны ашылады

2021 жылғы 25 қаңтар 16:17
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 9700 тұрақты жұмыс орны ашылады

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қала мен аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, «Еңбек» бағдарламасының орындалу барысын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Халықты жұмыспен қамту: 331 жоба жоспарланып отыр Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің саны өсті Жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтудың үлесі қандай

Былтыр өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына коронавирус пандемиясы айтарлықтай әсер етті. Соған қарамастан мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы кәсіпкерлердің табысы сақталып, жаңа жұмыс орындары ашылды.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, жұмыссыздықпен күреске ерекше мән берілді. Тұрақты табысынан айырылғандарға уақытша жұмыс табылды. «Еңбек» бағдарламасының негізгі көрсеткіштері орындалды. Жұмыспен қамту шараларымен 31 767 адам қамтылды.

«Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады. Бағдарламаны іске асыруға 9 млрд теңгеден астам қаражат көзделген. Қаржының еселенуі тиісінше жұмыс орнының көбеюіне ықпал етеді. Былтырғы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша облыста 9749 тұрақты жұмыс орны құрылған. 2021 жылы 17 300 жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оның ішінде 9 700 тұрақты жұмыс орны болады», - деді аймақ басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT