Қостанай облысында ақбөкен атып, мүйізін сатпақ болғандар ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында үш ақбөкенді заңсыз атып, мүйізін сатпақ болған екі браконьер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Жангелдин ауданына қарасты Сопылы елді мекенінде болған. Ұсталған екі браконьер Арқалық қаласы мен Амангелді ауданының тұрғындары болып шықты. Полицейлер күдіктілер мінген «Нива» автокөлігінен екі аңшы мылтығын, 133 оқ, 2 ақбөкен мүйізін алып шыққан.

«Көлік жүксалғышынан спорт сөмкесі мен егеу табылды. Полицейлер көлік ізімен жүріп отырып, 3 ақбөкен өлігін анықтады. Ақбөкен өліктері сараптамаға жіберілді. Күдіктілер қамауға алынып, ұялы телефондары тексеріліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүруде», - деп мәлім етті Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, мұндай оқиға облыста жыл басынан бері екінші рет тіркеліп отыр


Соңғы жаңалықтар