Қостанай облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен республикалық Аналар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқосуға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары Аналар кеңестерінің, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері қатысты. Отырыс барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген отбасылық құндылықтарды сақтау, салт-дәстүрлерді дамыту, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау, тұрмыстық-зорлық зомбылықты, масылдықты жою мәселелері талқыланды.

Ж.Түймебаев бүгінгі қоғамда ананың алар орны қашанда биік екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ Тобыл-Торғай өңірінің қашанда бірлік пен берекеге толы екенін айтып, аймақ басшысы А. Мұхамбетовке қызметі үшін алғысын білдірді.

«Бүгінде Аналар кеңесі қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосып келеді. Шынымен де, үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі болып отыр. Бұл кеңестің құрылуы Елбасы саясатын жүзеге асыруға, ондағы айтылған тапсырманы тындырымды атқаруға, мемлекет тағдырына тың серпін беруде», - деді Ж.Түймебаев

Іс-шара шеңберінде белсенді, қоғамның дамуына барынша үлес қосып жүрген аналар марапатталды. Сонымен қатар облыс әкімі А. Мұхамбетовке қоғамдық келісім мен ұлт арасындағы бірлікті сақтауға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісі тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар