Қостанай облысында Армениядан әкелінген 258 көлік тіркелді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Армениядан әкелінген 258 автокөлік тіркелді. Тіркеу Арнайы ХҚКО-да жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тіркеуге алынған барлық автокөлік иесіне сары түсті нөмір мен мемлекеттік тіркеу белгілері берілді.

«Облысқа Армениядан барлығы 763 автокөлік әкелінді. Оның 313-і тіркеуге жатпайды, 17 көліктің VIN-код белгісі бар. Қазіргі уақытта есепке 255 көлік құралы қойылды. Тіркелгеннен кейін автокөлік иелері Қазақстан аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде еркін жүріп-тұра алады, жыл сайынғы техникалық тексеруден өте алады, сондай-ақ көлікке салынатын жол салығы үшін төлем жасай алады.

Автокөлік құралдарын тіркеуден басқа, полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Call-орталық жұмыс істейді. Көлікті уақытша тіркеу мәселелері бойынша «жедел желі« телефонына 500-ден астам азамат жүгінді», - деп атап өтті облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нығмет Исмагулов.

Қазір полиция қызметкерлері күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Машиналарды тіркеу үшін тек үш төлем қажет. Олар: тіркеу үшін алым - 695 теңге, техникалық паспорт үшін баж – 3 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін баж - 7 778 теңге. Төлемнің жалпы сомасы шамамен 12 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар, Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу мерзімі осы жылдың 1 қыркүйегінде аяқталады. Тіркеуден өтпеген жағдайда көлік құралдарының жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі бойынша автомашиналарды айыппұл тұрағына қоя отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Мерзімдерді ұзарту көзделмеген. Қостанай облысында осы мәселе бойынша

Call-орталық жұмыс істейді. Телефон нөмірлері: 8-708-475-38-29, 8-7142-75-38-29. «Жедел желі» сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін іске қосулы.


Соңғы жаңалықтар