+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды

2021 жылғы 13 сәуір 19:25
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық сотына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
2 жастағы баласын өлтіріп, тоңазытқышта ұстаған әйел мәжбүрлі емделуге жіберілді Bek Air ұшағының апаты: Жерді заңсыз сатқандар сотталды Семейде алаяққа алданған зейнеткер 3 млн теңгесінен айырылды

Сот аудан әкімінің орынбасары С.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша үкім шығарды.

«С. жер комиссиясының төрағасы бола тұра, 2020 жылдың сәуірі мен тамызы аралығында түрлі сылтаумен «Қостанай ауданы» Сафронов» пайдалы қазба орнынан топырақ өндіру ісімен айналысатын «Ремдортехник» ЖШС директоры С.-ға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын қолдануға келісім бермеген», - деп түсіндірді облыстық сотта.

Нәтижесінде С. ҚР Жер кодексі талаптарына қайшы өз өкілеттігін асыра пайдаланып, «Ремдортехник» ЖШС директоры С.-ның жер учаскесін алу шарты ретінде Заречное ауылындағы көше бөлігін газдандыруға келісімін алған.

«Сонымен қатар «Ремдортехник» ЖШС директоры С. 10 820 000 теңге сомасында қаражат берген мердігер фирманы белгілеген. Бұл ретте «Ремдортехник» ЖШС-ның заңды құқықтары мен мүддесі бұзылып, ірі көлемде елеулі зиян келтірілді», - деп атап өтті сотта.

Облыстық сот мәлім еткендей, ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы жазаның баламасыз түрін қарастырады: бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру.

«Сот күдіктіні кінәлі деп танып, оған 5 жыл 6 ай көлемінде орта қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеуді белгіледі. Қылмыскер енді мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды», - деп қорытындылады Қостанай облыстық сотында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT