Қостанай облысында ауылдағы көпірді су басты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының ТЖД әлеуметтік желіде жарияланған аудандардың біріндегі еріген су басып кеткен көпірдің видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бейімбет Майлин ауданында еріген қар суы тұрғындар өздер тұрғызған көпірді басып кетті. Өткел 50 тұрғыны бар, аудан орталығынан 10 шақырым жерде орналасқан Журавлевка ауылына апарады, Бұл жағдай жыл сайын қайталанады. Елді мекен мен тұрғындарға ешқандай қауіп тудырмайды. Елді мекендер арасындағы қатынас бұзылған жоқ, 250 шақырымдай жерде айналып баратын жол бар», - деп хабарлады ТЖД өкілі.

Сонымен қатар қауіпсіздік мақсатында бұл учаскеде жергілікті полиция қызметі және ТЖ қызметкерлерінен бекет қойылды. Тыйым салу белгісі орнатылып, жарық шағылыстыратын бау тартылған.

ТЖД бүгін түс шамасында су деңгейінің төмендегенін хабарлады.


Соңғы жаңалықтар