Қостанай облысында бірнеше пәтер тонаған қылмыстық топ ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірнеше пәтерді тонаған қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық топ жымысқы әрекетін 2020 жылғы 3 ақпанда бастаған. «Солтүстік» полиция бөлімшесіне жәбірленуші хабарласып, пәтерінен 30 мың теңгенің ұрланып кеткенін айтқан. Осы күні 4-шағынауданның тұрғыны үйінен ноутбуктың қолды болғанын хабарлайды.

«4 ақпан күні қаланың солтүстік бөлігіндегі пәтерлерден алтын бұйымдар мен 300 мың теңге ақша ұрланған. Полицейлер іздеу шараларын мұқият жүргізді. Қылмыстық топ пәтерлерге бір тәсілмен еніп отырған. Яғни пәтер құлпын сындыру арқылы ішке кірген. Олар ұрланған заттары мен ақшалай қаражатты «Мерседес» көлігіне сақтаған. Полицейлер «АвтоУраган» арқылы көліктің нөмірін анықтады. Көлік ішінен есік бұзатын құралдар, ұрланған алтын бұйымдар табылды», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазір осы дерек бойынша 26-35 жас аралығындағы 5 күдікті ұсталды. Олардың үшеуі бұған дейін де сотталған.

Тергеу шаралары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар