Қостанай облысында демалыс күндері қандай шектеулер енгізіледі

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссияның ұсынымы бойынша Қостанай облысында екі апта мерзімге карантин енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қостанай облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр.

Сол себепті облыстың бас санитар дәрігері шектеу шаралары туралы жаңа қаулы қабылдады.

Қаулыға сәйкес, қызметкерлер саны 15 және одан көп ұйымдар қашықтан жұмыс режиміне көшіріледі.

Кеңселерде қызметкерлердің 20 пайызы ғана қалуы тиіс. Ал қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін шектелді.

Демалыс күндері тек «үйге жеткізу» қағидаты енгізіледі.

Сонымен қатар Қостанай облысында демалыс және мереке күндеріне арналған шектеу шаралары қабылданды:

1) сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысын тоқтату;

2) келесі әлеуметтік-қоғамдық нысандардың қызметіне шектеу қойылады: ауданы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес сауда объектілері (оның ішінде СОО, сауда үйлері); жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы;

3) сауна, монша, СПА-орталықтар жұмысы тоқтатылсын;

4) жабық спорт объектілерінің, оның ішінде фитнес-орталықтардың жұмысы;

5) жексенбіде су парктерінің, бассейндердің және термопарктердің жұмысы тоқтатылады;


Соңғы жаңалықтар