Қостанай облысында қандай шектеу шаралары енгізілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында коронавирустың таралуына байланысты қабылданған шектеу шаралары туралы аймақ әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев «Хабар 24» телеарнасындағы онлайн-конференция барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкім орынбасарының айтуынша, төтенше жағдай кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шектеу іс-шараларын күшейту енгізілді.

«Облыс аумағына кіру-шығу қозғалысы шектелді. Қостанай облысының периметрі бойынша 10 блокпост қойылды. Ққажет болған жағдайда тағы 13 тосқауыл бекетін орнатамыз. Блокпосттарда 204 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 159 полицей, 32 медицина қызметкері, 3 жергілікті атқарушы органның өкілі, 10 ветеринария қызметкері бар. Мобильді топтардың қызметкерлері жеке қорғану құралдарымен (маскалар, қолғаптар, халаттар), жұмысқа арналған термометрлермен қамтамасыз етілген. Маскаларды ауыстыру әрбір екі сағат сайын жүзеге асырылады», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Қазір қала көшелерін, аялдамаларды және жолаушылар автобустарын дезинфекциялау жүргізілуде. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен бірнеше талаптар тізбесі бекітілді.

«Қостанай облысының тұрғындарына арнайы маскасыз далаға шығуға және қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады. Кешкі сағат 22.00-ден бастап таңғы сағат 06.00-ге дейін шығу шектелді. Тек қажеттіліктер туындағанда шығу ұсынылды. Қостанай облысының аумағында қоғамдық көліктің барлық түрлерімен жүретін жолаушылар маска тағуға міндетті. Таксиде артқы орындықта 2 жолаушыдан артық отырғызуға болмайды», - деді Марат Жүндібаев.


Соңғы жаңалықтар