+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Қостанай облысында карантин шаралары тағы бір аптаға созылды

2020 жылғы 21 қараша 17:23
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында карантин шаралары тағы бір аптаға созылды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтандағы шектеу шаралары: Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты Жандарбек Бекшин Алматыдағы кәсіпорын басшыларымен кездесті БҚО-да қараша айында 80-ге жуық нысан санитарлық талапты бұзған

Штаб отырысында Рудный қаласының, Қостанай, Алтынсарин және Әулиекөл аудандарының әкімдері өңірдегі ахуалды баяндады.

Сондай-ақ жиында мониторингілік топтардың жұмысы қарастырылды.

Қазіргі уақытта арнайы топ 1045 рейд жүргізіп, 5440 нысанды тексерген. Тексеріс барысында 935 ереже бұзушылық анықталды, материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санэпидбақылау органдарына жіберілген.

«Тек соңғы тәулік ішінде карантин ережесі 53 рет бұзылды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары бұрын алынған материалдарды ескере отырып, айыппұлдар туралы 78 қаулы қабылдады.

Санитарлық-эпидемиологиялық аймақтық басқарманың жақсармай жатқанын және кәсіпкерлік субъектілерімен де, жеке тұлғалармен де бұзушылықтар азаймай отырғанын атап өткім келеді. Мәселен, 1 қарашада күніне 13 жағдай, ал 20 қарашада тәулігіне 72 КВИ жағдай тіркелді. Өсім өте көп. Біздің облыс Республика бойынша «қызыл аймаққа» кірді.

Осыған байланысты карантиндік шараларды 2020 жылдың 23-30 қараша аралығында тағы бір аптаға ұзартуға мәжбүрміз.

Құрметті қостанайлықтар, сіздерді КВИ таралуына жол бермеу бойынша барлық ұсынылған шараларды сақтауға шақырамын.

Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған кезде неғұрлым қатаң карантиндік шараларды енгізу қажеттігі туындап отыр, - деді өңір басшысы.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT