Қостанай облысында «Қазандық» ойынынан зардап шеккен екі адамның ақшасы қайтарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Қазандық» немесе «Қара касса» ойынынан зардап шеккен адамдардан алғашқы арыз түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның порталға берген мәліметі бойынша, мұндай арыз үшеу болып шықты. Олардың бірі ойында қаржылық пирамида белгілері бар екенін байқап, 14 300 теңге көлемінде енгізген ақшасын қайтарып алды.

Одан өзге екі адам ойынға өз қалауынсыз қосылған. Олардан төлем картасына ақша аударуды сұраған, содан кейін зардап шеккен азаматтар автоматты түрде «Қазандық» ойынының қатысушыларына айналды.

Осы жағдай олардың полиция мекемесіне келіп, арыз жазуына себеп болды. Қазіргі уақытта үш адамның екеуінің ақшасы қайтарылды.

Айта кетейік, осыған дейін прокуратураның «Қазандық» немесе «Қара касса» ойынын алаяқтық әрекет деп бағалағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар