Қостанай облысында провизорлық стационардың жұмысы тоқтатылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай ауданының орталық ауруханасы базасындағы провизорлық стационар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгін Қостанай ауданындағы провизорлық емханадан соңғы науқастар шығарылды.

«Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты аурухана басшылығы провизорлық стационардың жабылғанын жариялады. Перзентхана және хирургиялық бөлімшелер базасында дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі. Жақын арада шұғыл және жоспарлы акушерлік-гинекологиялық және хирургиялық бейіндегі пациенттерді қабылдау және емдеу қайта басталады. Басқа да науқастады қабылдау қалыпты форматта жалғасады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

Бұған дейін өңірде коронавирус індеті мен пневмония жұқтырған науқастар санының азаюына байланысты 2 провизорлық орталықтың жұмысын тоқтатқаны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар