Қостанай облысында шөп арасынан күйік шалған әйел табылды

None
None
ЛИСАКОВСК. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Лисаковск қаласында денесі күйіп қалған әйел табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың 15 маусымында тұтанған шөпті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер күйік шалған әйелді тапқан.

«Жедел жәрдем көлігімен әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Алайда, ол алған күйік жарақаттарынан көз жұмды. Полицейлер оның өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын анықтады», - деді полициядан.

Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар