Қостанай облысында SMART кеңселер ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Архимед Мұхамбетов А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіндегі «Smart-орталығына» барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Университеттегі орталық «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Аталмыш аймақтық SMART-орталығында студенттік стартаптар мен ғылыми идеяларды іске асыру үшін Coworking – старт алаңы, «Lab Network» кешені, IT-skills (робототехника, 3D үлгілеу), Cyber-club және Agro-skills кеңселері ашылды. Кеңселерде түрлі бағыттағы жобалар жасалады. Мәселен, «Lab Network» кешенінде 3 зертхана жұмыс істейді. Олар: физикалық-химиялық, агрохимиялық және биотехнологиялық лабароториялар желісі. Мұнда қостанайлық студенттер ойлап тапқан идеяларын арнайы сарапшылардың көмегімен жүзеге асырады.

Орталықтың тыныс-тіршілігімен танысқан аймақ басшысы мекеме ұжымына нақты тапсырмалар жүктеді. Ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін әкімдік тарапынан қолдау болатынын жеткізді.

«Бүгінде біздің облыста ІТ-технология, агроөндіріс салалары жақсы дамып келеді. Студенттер өздерінің тиімді деген жобаларын іске асырып, «Экосервис-2030» атты компаниясын құрды. 2019 жылы университеттің жеке қаражатынан 150 млн теңге бөлініп, зертханалық жабдықтар мен жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Ал осы жылы ІТ-технология мен зертханалық жабдықтарды енгізуге қосымша 150 млн теңге қаржы салу көзделіп отыр. Қостанай мемлекеттік университеті ғылыми жобаларға бизнес-инвестициялардытарту арқылы ғылыми орталыққа айналуы тиіс. Атаулы орталық кеңселері өңір жастарын ІТ технологиясы саласындағы ғылыми-өндірістік қызметке белсенді тартуға ықпал етеді деп үміттенемін», - деді облыс басшысы.

Айта кетейік, 2022 жылға дейін облыста нақты егіншілік бойынша 192 озық және 16 цифрлық ферма, мал шаруашылығында 156 озық ферма және 17 смарт-ферма іске қосылады.



Соңғы жаңалықтар