Қостанай облысында тағы бір провизорлық орталық жабылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай қаласында темір жол ауруханасының жанынан ашылған тағы бір провизорлық орталық жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыс әкімдігінің жанынан құрылған жедел штаб таратты. Бүгін аталмыш емдеу мекемесінен соңғы 15 науқас айығып шығып, 5 науқас қалалық ауруханаға ауыстырылған. Ал 3 науқас туберкулез диспансеріне жатқызылды.

«Провизорлық стационарда 24-шілде мен 12-тамыз аралығында 116 науқас емделіп шықты. Темір жол ауруханасына таяу күндері тиісті санитарлық тазалау шаралары жүргізілмек. Клиника келесі аптадан бастап науқастарды қалыпты тәртіпте қабылдай бастайды», - делінген штаб ақпаратында.

Жалпы Қостанай облысында осы күнге дейін 370 провизорлық төсек-орын жиналды. Олар қажет кезде пайдалану үшін емхана базаларында сақталады.

Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты Тобыл қаласындағы провизорлық орталық жабылды. Стационардан бүгін соңғы сырқат емделіп шықты.



Соңғы жаңалықтар