Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, 66 жастағы әйел қайтыс болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында тұрғын үй өрті кезінде 66 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 25 маусым күні Қостанай ауданының Самир ауылында болған.

«Сағат 21:45-те Тобыл қаласының өрт сөндіру бөліміне Школьная көшесіндегі жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабар түсті. Өрт ауқымы 65 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына кезекші топ жұмылдырылды. Тұрғын үй өрті кезінде 1954 жылы туған әйелдің денесі табылды», делінген ТЖД-ның баспасөз хабарламасында.

Өрт сағат 23:29-да толығымен сөндірілді. Қазір осы факт бойынша ТЖД мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өрттің нақты себептері анықталуда.


Соңғы жаңалықтар