Қостанай облысында жаяу жүргіншіні КамАЗ қағып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 48 жастағы ер адамды жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департартаментінің ақпаратына сүйенсек, оқиға кеше Қостанай қаласындағы Қобыланды батыр көшесінде болған.

Реттелетін жаяу жүргіншілер жолағында «КамАз» жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі 48 жастағы ер адамды қағып кеткен.

«Жүк көлігі Курганская көшесінің жағынан қала орталығына қарай келе жатқан. Зардап шеккен облыс орталығының тұрғыны дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды» делінген полиция ақпаратында.

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша шешім қабылдау үшін бастапқы материалдар жиналды.

Тексеру шаралары басталды.


Соңғы жаңалықтар