Қостанай облысында жоғалып кеткен балықшының денесі судан шығарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық құтқарушылар суға кеткен балықшының денесін тауып, жағаға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Жарқайың көлінен 1969 жылғы балықшының денесін алып шықты.

«Екі балықшы 27 маусым күні Ұзынкөл ауданындағы Речное көлінен 5 шақырым аумаққа шыққан. Балық аулау кезінде қайық үстінде екеуі де отырған. Кенет қайық аударылып, адамдар суға құлаған. Бір балықшы жағаға дейін өзі жүзіп жеткен» делінген ТЖД ақпаратында.

Сүңгуірлер балықшының денесін сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полицияға тапсырды.

Айта кетейік, балықшыны іздеу операциясына ТЖД жеке құрамының 8 қызметкері, 2 жүзу құралы және 2 техника жұмылдырылды.

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыстың су айдындарында 3 балықшы суға кетіп қалған. Сол себепті ТЖД мамандары тұрғындарды балық аулау кезінде барынша сақ болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар