Қостанай облысында жол апатынан 14 жасар қыз бен әйел көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жол аптаы болып, садарынан 14 жастағы қыз бен соқтығысқан автокөліктердің бірінің жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, 13 қараша сағат шамамен 19:20-да «Қостанай-Мамлютка» автожолының 46-шақырымында (Владимировка кентінен 5 шақырым жерде) жол-көлік оқиғасы болған.

«36 жастағы Меңдіқара ауданының тұрғыны «LIFAN» маркалы автокөлігінің жүргізуші әйелі рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, РФ 60 жастағы азаматы тізгіндеген «Камаз» автокөлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан 14 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмса, «LIFAN» жүргізушісі облыстық ауруханада қайтыс болды. 16 жастағы жолаушы Меңдіқара аудандық ауруханасына жеткізілді», - деп атап өтті полиция.

Аталған жол апаты фактісі бойынша Қостанай ауданы полиция бөлімі ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, демалыс күндері Рудный трассасында да жол апаты болып, бір адам қаза тапқан болатын.


Соңғы жаңалықтар