Қостанай облысының барлық мектебі жылдамдығы жоғары интернетке қосылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 2020 жылы білім саласына 115,3 млрд теңге жұмсалды. Қаражаттың дені жаңа мектептердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына бағытталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарасу ауданында 320 орындық мектептің құрылысы жалғасуда. 2021 жылы Қарабалық ауданының Қарабалық кентінде 320 орындық орта мектеп және Қостанай қаласының Береке шағын ауданында 980 орындық орта мектептің құрылысы басталады. Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында Қостанай Жоғары медициналық колледжіне арналған 250 орындық жатақхана пайдалануға беріледі. Қостанай автомобиль көлігі колледжі жанындағы студенттер үйі осы жылы қызметін бастайды», делінген басқарма ақпаратында.

Былтыр «Жас маман» жобасын іске асыру шеңберінде 3 колледждің оқу-өндірістік базасы жаңартылды, 2021 жылы облыстың 7 колледжін жаңарту көзделген. Осы мақсатқа 3,1 млрд. теңге бөлінді.

Облыста апатты жағдайдағы білім беру нысандары атқарушы биліктің бақылауында. Осындай санаттағы объектілердің тізімі жасалып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2020 жылы 133 білім беру нысаны қалыпқа келді.

«2021 жылға арналған облыстың білім беру саласының бюджеті 9,2% - ке өсіп, 125,9 млрд. теңгені құрады. 6 нысанға ағымдағы жөндеу, 13 нысанға күрделі жөндеу жүргізілмек. Автобустарды, физика, химия, биология бойынша оқу кабинеттерін, СТЭМ-зертханаларды, жиһаз, спорт құрал-жабдықтарын сатып алуға және мектеп ғимараттарынан қазандықтарды шығаруға 2,5 млрд.теңге қарастырылды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстың барлық 489 мектебі жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. Соңғы екі жылда меценаттардың көмегімен өңірде 74 IT-сыныбы мен 34 робототехника кабинеті ашылды. Қашықnан оқытудың сапалы жағдайларын жасау үшін 21 мың компьютер мен 3 мың Wi-Fi роутерлер3 сатып алынды. Компьютерлер бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына берілді.

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген.


Соңғы жаңалықтар