Қостанай облысының Нұр-Сұлтанға шығар жолы ақылы болады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Биыл Қостанай облысында алғашқы ақылы жол пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Андрей Горватқа сілтеме жасап.
2021 жылы Қостанай облысының Нұр-Сұлтан қаласына өтетін жолы ақылы болады. Андрей Горваттың айтуынша, ақылы жолдың ұзындығы 422 шақырымға созылған. Бұған қоса Қостанай облысының Ресеймен шектесетін Федоров және Қарабалық аудандарының жолдарына да жолақы жүйесі енгізілуі мүмкін.
«Ақылы бекеттер жақын арада қойылады. Мұндай шара республикалық бюджетке түсетін ауыртпалықты азайту үшін енгізілді. Ақылы жолдан түскен пайда облыстағы жолдарды жөндеуге жұмсалады. Бастапқыда ақша тек жүк көліктерінің жүргізушілерінен жиналады. Жол жүру құны көліктің жүк көтергіштігіне байланысты болады. Нақты тариф құны әлі талқыланады. Алдымен Қаржы министрлігіне шығып, тиісті құжаттарды бекітеміз. Бірақ жолға енгізілетін баға Щучье-Бурабайдағы жолдан қымбат болмауы тиіс», - деп атап өтті Андрей Горват.
Қостанай облысындағы ақылы жолдарына шлагбаумдар орнатылмайды. Мұнда тек арнайы бақылау камералары қойылады. Камералар жүк машиналарының нөмірлерін тіркейді, ал жолды пайдалану үшін төлемді онлайн немесе қолма-қол ақшамен 2 бекетте төлеуге болады.
- Жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлері 2020 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды
- Алматы мектептері жыл соңына дейін бейнекамералармен толық қамтылады
- Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін бұзғаны үшін айыппұл төлемейді
- Семейде бір күнде 2 автобус жол апатына ұшырады
-
ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды
-
Ерлан Саиров білім беру саласында психологтардың штатын көбейтуді ұсынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам