+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қостанай облысының орман алқаптарына бейнекамералар орнатылады

2020 жылғы 25 мамыр 06:29
Бөлісіңіз:
Қостанай облысының орман алқаптарына бейнекамералар орнатылады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Биыл Қостанай облысының орман алқаптары бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпбековтің айтуынша, бұл шара орман өртінің алдын алу және болдырмау үшін қабылданған.

«Өңірдің орман алқаптарына бейнебақылау камералары қойылады. Камералар бірыңғай жүйеге қосылады. Төрт оператор облыстың барлық орман қорындағы жағдайды бақылап отырады. Қазір бюджетке тапсырыс бердік. Бір бейнебақылау құрылғысының құны 3 миллион теңге шамасында. Осылайша, ескірген орман мұнараларын бейнекамералармен алмастырамыз. Мұндай камералар өрт ошағын 10 минут ішінде анықтай алады. Бір құрылғы арқылы 20 шақырым радиустағы аумақты бақылауға болады», - дейді Саят Жүсіпбеков.

Тың жүйе жақын арада пилоттық негізде Арақарағай орман алқабына қойылады. 2020 жылдың қаңтар айынан бері облыста екі орман өрті тіркелді. Екеуі де Қарабалық ауданы аумағында болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT