Қостанай облысының тұрғыны экстремистік материалдарды сақтағаны үшін сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Интернет ресурстарға мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Қостанай ауданы Тобыл қаласының тұрғыны діни алауыздықты туындату белгілері бар діни мазмұндағы материалдарды («Вконтакте» әлеуметтік желісі) жариялағанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша Қостанай ауданының соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабы 2-бөлігі бойынша 70 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жауапкершілікке тартты», – деп хабарлады ведомстводан.

Жыл басынан бері діни қатынастар саласында барлығы 11 заң бұзушылық анықталды. Діни және экстремистік мазмұндағы материалдарды заңсыз сақтаудың, таратудың, сондай-ақ жарғыдан тыс діни және қоғамдық бірлестіктердің қызметін жүзеге асырудың 8 фактісі бойынша облыс соттары жалпы сомасы 1 млн теңгеге жуық айыппұл түрінде заң бұзушыларды жауапкершілікке тартты.

Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы өңір тұрғындарына күмәнді Интернет-сайттар мен топтардан алынған діни мазмұндағы материалдарды сақтамауды және таратпауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар