Қостанай облысының жаңа бас санитар дәрігері тағайындалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып Ермұханбет Дәулетбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш Департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ермұханбет Дәулетбаев өңірдің бас санитар дәрігері қызметін де қоса атқарады. Ол Қарабалық ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы болған. Осыған дейін Қостанай облысының бас санитар дәрігері болған Владимир Нечитайло ведомство басшысының орынбасары қызметінде қалды. Ермұханбет Дәулетбаев жаңа жұмысына 2021 жылғы 6 қаңтарда кірісті.

Айта кетейік, Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін Орал Бекмағамбетов басқарған болатын. Қазір ол Қостанай облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы лауазымын атқарады.


Соңғы жаңалықтар