Қостанай өңіріндегі ҚР АШМ мекемесінің басшысы тергеуге алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қостанай облыстық филиалының басшысы пара алды деп күдіктелуде. ҚазАқпарат бұл туралы Жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, Қостанай облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдікке ілінген басшының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол қызметіне салғырт қарап келген қарамағындағы қызметкерге жалпы қамқорлық көрсетпек болып, одан 130 мың теңге көлемінде пара алған.

«Күдікті қорғаушысының қатысуымен өткен жауап алу процедурасында өз кінәсін толық мойындап, келу туралы міндеттемені алды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Оның кінәсінің дәрежесін анықтау арқылы түпкілікті шешімді сот шығаратын болады», - делінген Жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар