Қостанай вокзалы қоршауға алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының теміржол вокзалы қоршауға алынып, 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, вокзалдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әдеттегідей тексеру жүргізген. Тексеру кезінде вокзал ішінде тұрған әйелдің сөмкесінен күдікті затты байқаған.

«Оқиға орнына барлық мүдделі қызметтер жұмылдырылды. Вокзал қоршауға алынып, 20-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Кейінірек сөмкеде сутегі тотығы бар бөтелке болғаны анықталды», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.


Соңғы жаңалықтар