Қостанайда 11 жастағы қызды көлік қағып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жол-көлік оқиғасы бүгін түсте болды. Миы шайқалған қыз ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін 13:34-те Абай-Волынов көшелерінің қиылысында 31 жастағы жүргізуші «Lada» автокөлігімен келе жатып, бағдаршам жанында 11 жасар қызды қағып кетті. Миы шайқалған қыз ауруханаға жеткізілді», - деп қысқаша түсіндірді полициядан.

Ведомствода қыздың жолды бағдаршамның жасыл түсіне өткен-өтпегені әлі белгісіз екені айтылды.

«Оқиғаны түсіріп алған камераның видеосында бағдаршамның түсі көрінбейді. Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының мән-жайы куәгерлерден сұралып жатыр»,-деді полиция.

Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар