Қостанайда 26 мың өлкетану құжаты цифрлық форматқа көшірілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында кітапхана қорының 26 мыңға жуық өлкетану құжатты электрондық-цифрлық форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық мәдениет басқармасы былтыр «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бірқатар жобаларды қолға алды.

Нәтижесінде музей қорының 30,5% цифрландырылып, музей экспозициялары бойынша виртуалды тур әзірленді.

Сонымен қатар Қостанай облысының киелі объектілерінің 3D туры таныстырылды.

Облыстық кітапхана қорының 26 мыңға жуық өлкетану құжаты электрондық-цифрлық форматқа ауыстырылды.

«Коронавирус пандемиясы мәдени нысандардың жұмысына айтарлықтай кедергі болды. Соған қарамастан 2020 жылы мәдениет ұйымдары онлайн форматта филармонияның концерттерін ұйымдастырды. 413 спектакль көрсетіп, мемлекеттік кітапханалардың қызметін 253,8 мың оқырман пайдаланды. «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасы аясында Денисов ауданының мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша Қостанай ауданының Заречный ауылындағы «Современник» және Октябрь ауылындағы «Мерей» мәдениет үйінің 2 ғимаратының ағымдағы, Арқалық қаласындағы «Дала өлкесінің тарихы» облыстық мұражайы ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталды», - дейді басқарма басшысы Ерлан Қалмақов.

Жыл басынан бері мәдениет қызметкерлеріне 35% мөлшерінде қосымша ақы белгіленген.

Аталған мақсатқа 680,9 млн теңге бөлініп, 1900 қызметкер қосымша ақы алды.

2020 жылы облысқа «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 23 жас маман келді.

Оларға үй сатып алу үшін 190,5 млн теңге сомасына 23 кредит берілді, 6,6 млн теңге сомасына 24 адам көтерме жәрдемақы алды.


Соңғы жаңалықтар