Қостанайда басшылық лауазымдағы 14 мемқызметші жауапқа тартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлердің көбі басшылық лауазымдарды атқарады. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Ескендіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызға жуығы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Олардың дені ескерту алса, тағы бірнеше қызметкерге қатаң сөгіс беріліп, жұмысынан босатылды.

Асхат Ескендіров айтқандай, мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексіне сәйкес, лауазымды тұлғалар өздерінің қарамағындағы жұмыскерлер үшін үлгі болуы керек. Алайда жұмыс тәжірибесі басқаны көрсетіп отыр.

«Департамент қолданыстағы заңнаманы іске асырып, мемлекеттік органдардағы атқарушылық құрамның қызметшілерін де жауапқа тартты. Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарымен 2020 жылы басшылық лауазымдағы 14 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды. Өкінішке орай, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік құқық бұзушылық жасауының себептеріне қарапайым жауапсыздықты және тиісті бақылаудың болмауын жатқызамыз», - деді департамент басшысы.


Соңғы жаңалықтар