Қостанайда бір апта ыстық су мен жылу болмайды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 12-17 қазан аралығында Қостанайда ыстық су мен жылу болмайды. Бұл туралы Қостанай жылу энергетикалық компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті қала тұрғындары, Қостанай қалалық әкімдігінің «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МҚК «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай бөлімшесінің 07.10.2021 жылғы хатына сәйкес, «Қарталы-Рудный» магистральді газ өткізу құбырында 2021 жылдың 12-17 қазаны аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында газ толықтай өшіріледі. Газдың болмауына байланысты барлық жылу көздері де тоқтайды. Ыстық су мен жылу газ қазандықтары қайта жұмыс істегеннен кейін беріледі», - деді телекомпаниядан.

Басқа өзгерістер қосымша хабарланады.


Соңғы жаңалықтар