Қостанайда боранда көліктерге жол көрсетіп жүгірген полицей марапатталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанайда полиция қызметкерлерін ІІМ-нің медальдарымен және грамоталарымен марапаттау салтанаты өтті. Марапатталғандардың қатарында желіде танымал болған ақтүтек боранда автоколоннаға жол көрсеткен полицей Амантай Байжанов та бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысы полиция департаменті басшысының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев Қостанай ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Амантай Байжановқа «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін табыстады.

Ішкі істер министрлігінің грамотасымен сондай-ақ Амантайдың әріптесі, сол күні онымен бірге қызметте болған Әмір Шалғымбаев та марапатталды.

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З.Тұрғымбаевтың қолы қойылған бұйрықта «Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы, жанкештілігі мен ерлігі үшін» делінген.

Полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев Амантай мен Әмірдің ата-анасына алғыс хат табыстады.

Еске сала кетейік, қостанайлық полицей Амантай Байжанов автокөлік тізбегіне жол көрсету үшін боранда жүгіріп жүрді.

Кейіннен облыстық полиция департаменті полицейді марапаттады.


Соңғы жаңалықтар