Қостанайда экология бөлімінің басшысына қатысты іс тергелуде

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат –Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Экологиялық реттеу бөлімінің басшысына қатысты іс тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір бөлім бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы жеке кәсіпкерден 10 мыңнан 50 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алған деген күдікке ілініп отыр. Ол қоршаған ортаны қорғау бойынша жобаларға қатысты тиісті құжаттардың рәсімделу мерзімін жеделдету және оң шешім қабылдануы үшін осы қамадға барған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы шешімді сот отырысы шығарады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар